22 қыр, 2020 сағат 09:15

Алматыда санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлердің саны 62 пайызға артты

Алматыда бір айда санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартылған кәсіпкерлік нысандардың саны 62%-ға артқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, олардың барлығы ҚР ӘқбК 425-бабымен жауапкершілікке тартылған. 

«Қазір кәсіпкерлердің санитарлық талаптарды қатаң сақтауын ҚР Бас прокуратурасы бекіткен алгоритмге сәйкес қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері кіретін мониторинг топтары бақылайды. Егер кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласу деректері болса, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына - 1432 нөміріне немесе Алматы прокуратурасына - +7701 775 55 00 нөміріне хабарласуға болады», - дейді ол.