18 мау, 2021 сағат 12:32

Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты


Алматының Жетісу ауданында салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 маусым күні таңғы сағат 10:22–де өрт сөндіру көліктері Жетісу ауданындағы «Драгон Сити» тұрғын үй кешеніне жіберілді. 

«Солтүстік айналма жол №29 мекенжайындағы «Драгон Сити» тұрғын үй кешенінде салып жатқан 9 қабатты үйдiң 1 қабатында өрт шықты. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Белгілі болғанындай пластикалық құбырлар жанған. Өрт сөндiрушiлер келгенге дейін өрт сөндipiлген», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.