Алматыда салынып жатқан екі қабатты үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрт туралы ақпарат Төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні сағат 10: 41-де түскен.
«Өрт сөндрушілер Бостандық ауданы Мирас Д. 29/1, мекен-жайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген сәтте екі қабатты салынып жатқан үйдің мансарды жанып жатты. Өрттің тез таралуына шатырдың тез жанғыш материалдардан салынғаны себеп болды», - деп хабарлады ведомстводан.
Жедел штаб жасақталып, автоцистерналар, өрт гидранттары орналастырылып, магистралдық желілер тартылды.
Осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт бір сағатқа жетпей оқшаулынып, толық сөндірілді.
Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ.