13 жел, 2021 сағат 16:18

Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді


Алматы қаласында салмағы 6,2 келі, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кесар тілігімен дүниеге келді. Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см. 

«Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында», - деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова. 

Директордың айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға. 

«Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», - дейді Гүлнар Нұрланова.