03 шіл, 2021 сағат 20:18

Алматыда Розыбакиев көшесі екі айға жабылады


Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2021 жылдың 5 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында Розыбакиев көшесінің бойы Дүйсенов көшесінен Райымбек даңғылына дейін жабылады.

«Уақытша шектеулер осы көшедегі жолдың астында орналасқан магистральдық құбырды жоспарлы ауыстыруға байланысты қабылданып отыр. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», - делінген хабарламада.

Компания қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. 

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.