08 қар, 2021 сағат 16:07

Алматыда ревакцинация қашан басталады?


Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай ревакцинация қараша айының соңында басталады. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің сөзінше, қазір қалада ресейлік «Sputnik V», қазақстандық «QazVac» және қытайлық «Vero Cell» вакциналарымен тұрғындарды қайта вакцинациялау жоспары тұр. 

«Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация дегеніміз - адамдардың екпенің бірінші және екінші бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші - күшейткіш дозасы салынады. Бұны ревакцинация деп атаймыз», - деді Эльвира Ибрагимова.