11 там, 2016 сағат 10:50

Алматыда психиатрлық аурухананың емделушісі қашып кетті

Алматыда ақыл-есі дұрыс емес зардап шегетін психикалық денсаулық орталығының науқасы іздестірілуде. Бұл туралы Ұлт.кз тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2016 жылы 10 тамызда шамамен сағат 19-да Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кетті. Ол  шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді», - деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта Қ.Қожамбетовты ұстауға Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы, сонымен қатар шекаралас облыстардың ішкі істер органдарының құрылымдары тартылды.  

Полиция Қ.Қожамбетовтың қайда екені туралы білетін азаматтардан  254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.