Алматыда Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаралы хабарды Алматы қалалық полиция департаменті растады.
«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды», - деп хабарлады департаменттен.
Өкінішке қарай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде 16 полиция қызметкері қылмыскердің қолынан қаза тауып, 1300-ден астам сақшы мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды.