24 мам, 2022 сағат 16:50

Алматыда полиция генерал-майоры ұсталды


Полиция генерал-майоры жемқорлық бойынша күдікті деп танылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 мамырда Антикоррупциялық қызмет 1963 жылғы полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

"Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін "К" азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деген күдікке ілінді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.