05 мау, 2024 сағат 10:51

Алматыда полиция формасын киіп жол ережесін бұзған адам ұсталды

Әлеуметтік желіде полиция формасын киіп, өрескел түрде жол ережесін бұзған азаматтың бейнежазбасы тарады. Ол қолында сыра ұстап отырып көлік айдағанын видеоға түсірген. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты түсініктеме беріп, бейнежазбадағы азаматтың құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтінін хабарлады.

"Тексеріс нәтижесінде бұл адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және ешқашан Ішкі істер органдарының қатарында қызмет етпегені анықталды. Ол ұсталып, полиция формасын заңсыз пайдаланғаны және бірқатар жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", - деп хабарлайды департамент баспасөз қызметінен.