Алматыда балалар ойын алаңында бір әйел баланы соққыға жықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 6 шілде күні Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Наурыз» тұрғын үй кешенінің ауласында болған.
«Ойын алаңында 1980 жылы туған әйел 8 жасар баланы ұрып тастады. Ол оның қабырғасынан, басынан, кеудесінен ұрып, буындырды. Көршілері әрең ажыратты. Содан кейін ол баланы қорғаған әйелдерге тап берді», - деп жазды Facebook қолданушысы Жанна Ахметова.
Полиция департаменті аталған деректің тіркелгенін мәлім етті.
«Бұл мәселе назарда. Барлық қатысушылар бүгін шақырылады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша шаралар қабылданады», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
