27 қаз, 2020 сағат 11:48

Алматыда өртеніп жатқан техникалық қызмет көрсету стансасында жарылыс болды

Алматыда өртеніп жатқан техникалық қызмет көрсету стансасында жарылыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға Ақсай шағын ауданында болды. 

«Өрт сөндірушілер келгенде ангарлық типтегі техникалық қызмет көрсету стансасы жанып жатты. Металл ангардан әрқайсысы 25 литрлік 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Сол жерде ТҚС ішінде жанармай сұйықтығы бар екені туралы ақпарат берілді. 13:21-де жарылыс болды. Өрт сөндірушілер жапа шеккен жоқ», - деді ТЖД. 

Оқиға орнында 60 адам, 12 техника жұмыс істеп жатыр.