25 қар, 2020 сағат 13:34

Алматыда орталық көшелер жаяу жүргіншілерге ыңғайлы бола түседі

Алматыда 2021 жылы бірнеше орталық көше жаяу жүргіншілерге ыңғайлы бола түседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының хабарлауынша, Алматыда бас жоспарға сәйкес 2021 жылы төмендегідей орталық көшелер жаяу жүргіншілерге арналып қайта жасалады. 

- Достық даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абай көшесіне дейін);

- Сейфуллин даңғылы (Абай даңғылынан Райымбек көшесіне дейін);

- Райымбек даңғылы (Сейфуллин даңғылынан Пушкин көшесіне дейін);

- Мүсірепов бульвары (Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін).

«Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасы бойынша қазіргі таңда Алатау ауданында мына көшелерде жаяу жүргін аймағы жасалады:

- Үлкен Алматы каналы бойымен (Саин көшесінен Солтүстік айналма жолы көшесіне дейін);

- Рысқұлов көшесінде (Оңғарсынова көшесінен Шәріпов көшесіне дейін). 

Наурызбай ауданында: 

- Сәбденов көшесі (Әшімов пен Нұрлы көшелерінің аралығы;

- Байзақ батыр көшесі (Әшімов көшесі мен Қарағайлы өзенінің аралығы).

«Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасына сәйкес қалалық басқарма «Алматы бас жоспары» ҒЗИ біріге отырып қаланың орталық көшелерін қайта жасау бойынша қоғамдық талқылау өткізетін болады. 

Q-Lab қалалық жобалар зертханалық негізінде дауыс беру мен ұсыныс жасау үшін құралдар жасалатын болады. 

Әр алматылық осыған қатысты өз ой-пікірін білдіретін болады. 

Айта кетерлігі, бұл көшелерде көліктердің жүруіне тыйым салынбайды. Тек қозғалыс жүйесі жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы болып жасалады.