12 қыр, 2024 сағат 10:46

Алматыда орталық көше бес күнге жабылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда қала күнін ауқымды мерекелеуге дайындыққа байланысты Төле би көшесі бес күнге жабылады. Қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды ULT.kz әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласы күні аясында "Астана" алаңында ауқымды концерттер өтеді - 14 қыркүйектегі 16:00-де және 15 қыркүйекте сағат 17:00-де.

"Ескеретін жайт, қыркүйектің 12-сі мен 16-сы аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Бұл аралықта Астана алаңында Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытып, жол жүру бағытын алдын ала ойластыруларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген хабарда.


Алматы күніне орай өтетін іс-шаралардың тізімімен мына сілтемеден таныса аласыз.