Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылы басталғалы 89 оқушы вирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап
Спикердің сөзінше, оқушылар 1 қыркүйекке дейін де ауырған, қазір де ауырып жатыр. Сабақ басталғанға дейін бір тәулікте 160 оқушыдан вирус анықталған кездер болды.
«Қазір оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы төмендеді.Оқу жылы басталғалы мектепке барып білім алған 89 баладан вирус анықталды. Олар білім алған сыныптың барлығы карантинге жабылды, яғни оқушылар онлайн режимде білім алып жатыр. Оқушылар вирусты мектеп қабырғасында емес, отбасында жұқтырған. Сондықтан ата-ана қауіпсіздік талаптарын сақтану қажет», - деді Жандарбек Бекшин.
Бас дәрігердің айтуынша, бұған жол бермеу үшін отбасында вирус жұқтарған туыстар оқшаулануы керек және олармен баланың байланысын шектеу керек. Егер үй-жайында оқшаулану мүмкін болмаса, онда аурған адамды медициналық мекемелерге карантинге жіберуге болады.