#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Алматыда өкпесі 100% зақымданған 84 жастағы қария жазылып шықты

  • 11.08.2020
  • 0
  • 152

Алматыда фтизиопульмонологиялық орталықта коронавирустен екі қарт адам емделіп, үйлеріне шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Денсаулық сақтау басқармасының мәләметінше, олардың бірі 84 жастағы қария, оның өкпесі 100% зақымдалған. Науқас ауруханаға 19 шілде күні коронавирустық инфекция диагнозымен түскен. Ол құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін 16 күн күресті. 

«Науқас жансақтау бөлімінде 16 күн жатты. 8 күн инвазивті ӨЖЖ аппаратында болды. Жағдайы қалыпқа келгеннен кейін науқас бөлімшеге емделуге ауыстырылды»,– дейді Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева

Екінші науқас – 78 жастағы әже. Ол екі жақты полисегменттік пневмония диагнозымен ауруханада бір айдан астам уақыт емделді. Науқастың өкпесі 85% зақымданған. Оның айтуынша, ауру аяқ асты басталған, бастапқыда ЖРВИ деп ойлап, үш күн үйінде емделген.

Жанар Сапиеваның айтуынша, пациенттер бүгінде өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары қалыпты, емделушілерде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды. Кеше олар үйіне шығарылып, амбулаториялық деңгейде бақылауға алынды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар