Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 9 тамыз күні 54 жасында белгілі заңгер, Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда көз жұмған.
«Алматы судьялар қауымдастығы атынан марқұмның туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл - орны толмас қайғы. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және оның есімі ҚР сот жүйесінің тарихында қалады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.