14 қаз, 2021 сағат 17:53

Алматыда мопедті қаққан автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті


Алматыда автобус жүргізушісі мопед мінген адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қазан күні таңғы сағат 09:00-де автобус жүргізушісі мопедті қағып кетті. Мопедтің жүргізушісі құлап қалды. Қаққаннан кейін автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Белгілі болғанындай ол арақашықтықты сақтамаған», - деп хабарлады полициядан. 

Мопед жүргізушісін жедел жәрдем қызметінің мамандары тексерді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. 

Қазіргі уақытта полицейлер автобус жүргізушісін тауып, тіркеу үшін жол апаты болған жерге барды.