14 ақп, 2024 сағат 19:15

Алматыда монша кешені өртенді


© Photo : МЧС РК


Алматыда Villar монша кешені жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндірушілерге шақырту сағат 18:00-де дәл көлік кептелісі болатын уақытта түскен, - деп хабарлайды  «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 


Алматыда монша кешені отқа оранды


Екі ағаш үй өртеніп жатыр. Жалынның жақын маңдағы ағаш коттедждерге таралу қаупі бар, деп хабарлайды ТЖМ.


Өрттің ауданы шамамен 600-700 шаршы метр.

"Медеу ауданы Оспанов көшесі, 85/77 мекенжайында орналасқан монша кешені өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәреже бойынша жіберілді", - дейді ведомство.

Өрт сөндіру техникасына көлік кептелісі кедергі келтірген. Оқиға орнында екі ағаш үй өртенген. Тілсіз жау тіпті көршілес ағаш коттедждерге қауіп төндірген. Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі монша қызметкерлеріне хабарласты. Олар өрт сөндірушілерді бір сағат тосқанын айтады.