20 қаз, 2020 сағат 10:30

Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Алматыда митинг өткізуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Адамдар көптеп шоғырланатын орындардың бірі - митинг. Сондықтан, оны ұйымдастыруға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Митинг және басқа да жиындарға бір айдай тыйым болған жоқ. Өйткені ауру көрсеткіші төмен еді. Қазір індеттің таралуы көтеріле бастады. Сондықтан осы мәселеге назар бөліп, тыйым салуды қарастырып жатырмыз, – деді ол.