10 қар, 2020 сағат 16:37

Алматыда мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мейрамханалардың жұмыс уақыты бір сағатқа қысқарғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір қалада ауру жұқтыру дерегі көбейіп жатыр. Осыған байланысты біз мейрамханалардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдадық. Алдыңғы қаулыға өзгерту енгіздік. Мейрамханалардың жұмыс уақытын 1 сағатқа шегердік. Бұл сақтық шараларын күшейту үшін. Сонымен қатар, бұл тұрғындардың қоғамдық орындарға аз баруы үшін жасалып отыр», – дейді Жандарбек Бекшин. 

Оның айтуынша, Алматыда қыркүйек, қазан айларында коронавирус жұқтыру дерегі азайған еді. Алайда қарашаның алғашқы күнінен бастап, ауру өсімі байқалып отыр. Егер осыған дейін тәулігіне коронавирус жұқтырудың 10 дерегі тіркелсе, қазір 24-30 тіркеліп жатыр.