15 қаң, 2021 сағат 12:15

Алматыда Мәслихат депутаттарына куәлік тапсырылды

Алматыда VII шақырылымдағы Мәслихат депутаттарына депутаттық құжаттары мен төсбелгілері тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа депутаттық атрибуттарды өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова табыстады. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев депуттатардың жаңа міндеттерін айтып берді. 

«Құрметті әріптестер. Біздің міндеттеріміз айқын. Ойланып жүруге уақыт жоқ. Барлығымыз тәжірибеліміз. Сіздер Мәслихат депутаты ретінде қатысып отырсыздар. Қала тұрғындары сіздердің белсенді жұмыстарыңызға сенім артып отыр», - деді әкім. 

Мұның алдында Nur Otan патриясы атынан өткен Мәслихат депутаттарының тізімі жарияланған болатын. 

Айта кету керек, Мәслихат депутаттығына «Nur Otan», «Ақ жол», «Ауыл», Қазақстан халық партиясының депутаттары өтті.