16 там, 2021 сағат 18:08

Алматыда мас жолаушы ұшақтан түсірілді


Көлік полициясы Иордания азаматын Алматы-Шаржа рейсінен шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" көліктік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы әуежайындағы полицияның желілік бөліміне «Эйр Арабия» әуекомпаниясының өкілінен Алматы-Шарджа рейсінен құқық бұзушы анықталғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру кезінде көлік полициясы 30 жастағы Иордания азаматын анықтады. Ол ұшақтан түсірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Медициналық тексерудің қорытындысына сәйкес, жолаушы мас болған. 

«Жолаушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полициясы 27 760 азаматты әкімшілік жауапқа тартты, оның ішінде 2847 адам ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде болған.