18 ақп, 2021 сағат 12:15

Алматыда мас күйінде экскаватормен жұмыс істеген жүргізуші ұсталды

Алматыда мас күйінде жұмыс істеген экскаватор жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы полициясы 51 жастағы азаматты индустриалды аймақта ұстады. Оның іс-әрекеті бірден күдік тудырған.

«Оның қатты қобалжығаны білінді, алкогольдің иісі шығып тұрды. Біздің күдігімізді сот-наркологиялық сараптама растады. Ұсталған азамат ішімдік ішкен. Жүргізуші ауыр құрылыс техникасын басқарудан шеттетілді», - дейді Алатау аудандық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бәукен Байымбетов.

Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.