01 қаз, 2021 сағат 17:54

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 267 адамға айыппұл салынды


Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 267 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аshyq» арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 267 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда - ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер және тағы басқа нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

«Қызыл» статусы анықталған аталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.

Өзін-өзі оқшаулау режимін кеңсе ұйымдары, әлеуметтік сала, білім беру ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері бұзады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.