Алматыда 14 күндік оқшаулану режимін бұзған тағы 235 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ведомство мәліметінше, ережебұзушылар Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеген.
Ashyq арқылы QR-кодты сканерлеу нәтижесінде "қызыл" мәртебесі (ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен) бар тұрғындар анықталған. Олар нысанға кіргізілмеді.
Ережебұзушылар тізімі мына сілтемеде жарияланған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.
Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.
840 рет оқылды