09 қар, 2021 сағат 21:08

Алматыда құрылысшы биіктен құлап көз жұмды


Алматыдағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты. Полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Самал-3» шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 

«Белгілі болғанындай 25 жастағы құрылысшы биікте қауіпсіздік белдігінсіз жұмыс істеген. Жас жігіт жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.