17 ақп, 2022 сағат 14:35

Алматыда құны 149 млн теңге болатын есірткі анықталды – ҰҚК


көрнекі сурет


Ақпанның басында Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттар дайындайтын заңсыз зертхананы анықтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

"Көрсетілген заңға қайшы әрекетке қатысы бар болғаны үшін Алматы тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен тоғыз келі психотропты зат мефедрон пен "α-PVP" тәркіленді. Оның заңсыз нарықтағы бағасы шамамен 149 миллион теңгеге бағаланып отыр", - делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар Алматыдағы басқа операция кезінде ішінде 500-ден астам "экстази" дәрісі бар қорап анықталды. Бұл қорап елдің батыс өңіріне жеткізілуге тиіс болған.

Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 7 ақпанында бір тұрғынның үйінен 200 грамм "а-PVP" психотропты зат тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды дайындау, сақтау, сату") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл әрекеті үшін күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.