Күздің алғашқы айы ыстық болады, ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжамы бойынша, оңтүстік астанада күздің алғашқы айы жылы болады.
«14-15 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 13-17, күндіз 26-30 жылы болады.16 қыркүйек күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылы болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн салқындап, жаңбыр жауады.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады»,- деп атап өтті синоптиктер.