23 қар, 2021 сағат 22:56

Алматыда Құлжа тасжолындағы жолайырық қашан ашылады?


Алматыда Бұқтырма - Құлжа автожолының қиылысындағы жолайырық 2022 жылдың алғашқы жартысында пайдалануға беріледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары және жер телімдерін мемлекет құзырына қайтару мен бюджеттік қаржының жұмсалуы көрсетілген кесте бойынша атқарылуда. 

«Қазіргі таңда, жолайырық құрылысы бойынша айналма жолдар мен 14 тірек нысан және солтүстік бағытқа қарай жүретін эстакада жұмыстары толық аяқталды. Жер асты өткелі бойынша эстакада нысанының армотопырақты тірек қабырғалары және оңтүстік бағыт бойынша инженерлік жүйелеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, солтүстік эстакада бойымен Құлжа тас жолы көліктерге ашылып, жол жүру біршама жеңілдеді», - дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек. 

Басқарма бастығының айтуынша, 2022 жылдың алғашқы жартысында аталаған жолайырық бойынша барлық бағыттағы жолдар ашылады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқталады.