03 қыр, 2020 сағат 15:56

Алматыда коронавирустың жаңа толқынымен күрестің бірыңғай жоспары әзірленбек

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың жаңа толқыны кезінде бірыңғай жалпықалалық іс-қимыл жоспарын әзірлемек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы әкім Тwitter парақшасында жазды. 

«Іскерлік кеңесте ағымдағы эпиджағдайды және оның қала экономикасына әсерін талқыладық. КВИ-дің жаңа толқыны кезінде бірыңғай жалпықалалық іс-қимыл жоспарын әзірлемекпіз. Карантиндік шектеулер мен бизнесті қолдау шараларын барынша теңдестіру қажет», - деді әкім жазбасында. 

Кеше қала әкімі тікелей эфир арқылы қаладағы эпид ахуал туралы баяндаған болатын. 

«Өткен айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда анағұрлым төмендегені анық. Эпидемияның қауырт сәттерінде күніне 250 адам тіркелген болатын. Ал жазылғандар саны 13 360 адам. Пневмониямен 705 адам тіркелген. Қазір күніне 11 адам тіркеледі. Бұл жағынан да көрсеткіштер төмендеген», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, арнайы базадан 180 мың кәсіпкерлік субъекті тіркеуден өткен. Қала әкімі оңтүстік астананың бұрынғы экономикалық биігіне келер жылы шығатынын болжады.