23 жел, 2021 сағат 15:14

Алматыда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін бе? – Бекшиннің жауабы


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың кезекті толқыны болу ықтималдығын жоққа шығарған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда «омикрон» нұсқасы COVID-19 эпидемиясының кезекті толқыны екені сөзсіз. 2022 жылдың қаңтар айының ортасында «дельта» нұсқасының орнын біртіндеп «омикрон» басады. Бесінші толқынның шыңы алдағы жылдың наурыз айының ортасында болады», - дейді Жандарбек Бекшин. 

Жандарбек Бекшин қалада шетелден келгендерге қатысты алдын алу шаралары күшейтілгенін тілге тиек етті. 

Оның мәліметінше, 3-20 желтоқсан аралығында Алматыға 50 мыңға жуық жолаушы келген, оның ішінде ПТР анықтамалары бар 29,7 мың, вакцинация паспорты бар – 20 мың, оның ішінде «омикрон» штамы тіркелген елдерден – 2300 жолаушы келген. 

«Келген барлық азаматтар бір апталық оқшаулануға және медициналық бақылауға жіберілді. Олардың ішінде КВИ-мен ауыратын 5 науқас анықталды, олар инфекциялық стационарға оқшауланды. Айтпақшы, жолаушылардың 90%-ы Германия, Египет және Ұлыбританиядан келеді, онда жаңа штамм айналымда»,- деді Алматының бас санитар дәрігері.