24 мау, 2021 сағат 19:11

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны күрт өсті


Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияны анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізетіні белгілі. Бүгінгі күні сырқаттанушылықтың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) тіркелді, жалпы алғанда «дельта» (үнді) штаммының оң сынамалардың үлес салмағы 23%-ға дейін өсті», - деп хабарлады ведомствадан. 

Егер Алматы қаласында «дельта» (үнді) штаммы бұрын бір сынамада анықталған болса, қазіргі динамикада 3 тәулікте 10 сынамаға дейін ұлғайды.

«Осыған байланысты, біз қала тұрғындарына бұрында айтқанбыз және қайта ескертеміз: саналы түрде COVID-19-ға қарсы екпе алу керек. Тағы бір рет еске салсақ, «дельта» COVID-19 штаммының халық арасында таралуы ауруханаға жатқызу және өлімнің жоғарылау қаупіне әкеледі. Сондықтан маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халық көп жиналатын орындар мен іс-шараларға барудан қатаң сақтану керек», - деп атап өтті басқармадағылар.