14 там, 2020 сағат 09:26

Алматыда коронавирустың таралу деңгейі 7 есе төмендеді

Алматыда онлайн-брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері наурыз айынан бастап Алматы қаласында COVID-19-дың 13 742 жағдайы тіркелді. 

«Соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді. Егер шілде айының соңында тәулігіне 271 жағдай тіркелген болса, бүгін 40 жағдай анықталды. Коронавирустан қайтыс болған адамдар саны – 195. Барлығы 9 306 науқас сауығып шықты. Бұл, індетті жұқтырғандардың 68% жазылды деген сөз», - деді Камалжан Надыров.

Басқарма басшысы бүгін стационарлардың жүктемесі 19% аспайтынын айтты. 

«Қазір тәулігіне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Салыстырмалы түрде бір ай бұрын ғана стационарларға 417 науқас түсіп отырған. Жалпы, Алматыда 5781 орын даярланған», - деді К.Надыров.