09 қыр, 2021 сағат 14:02

Алматыда коронавирусты қай жастағылар ең көп жұқтырғаны белгілі болды


Онлайн баспасөз-конференциясы барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусты ең көп жұқтырғандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша ең көп КВИ жұқтырған азаматтар 20-39 жас (31,2%), 40-59 жас (24%) және 60 және одан жоғары жастағы қарт адамдар (23%), бұл барлық науқастардың 81% құрайды; 

өзін – өзі жұмыспен қамтығандар арасында сырқаттанушылық басым – 36,6 %, (2,3% – ға төмендеуі), зейнеткерлер – 23,2 % (0,1% – ға өсуі). 

«Жалпы, соңғы 7 күнде КВИ жұқтырудың негізгі орындары сауда объектілері – 34 %, отбасылардағы байланыстар – 19,5% (1,5% – ға өсті), қоғамдық көлік-17,8% (0,38% - ға өсті) болып табылады»,-деді ол. 

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин алдағы уақытта вакцинацияланғандардың санын 75% - ға дейін және одан да жоғары деңгейге тезірек жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті.