29 шіл, 2020 сағат 14:20

Алматыда коронавирусты диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылады

Алматыда коронавирус инфекциясын радиологиялық кескіндер арқылы диагностикалау үшін жасанды интеллект қолданылады.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, «iMedHub» жобасының жетекшісі Рената Ахмад мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

2020 жылдың сәуірінде Алматыда Forus Data компаниясы медициналық кескіндерді өңдеуге арналған құны шамамен 30 млн теңге болатын PACS серверін жасады. Ол Алматы қаласының Дата орталығында орналасқан. 

PACS жүйесі (суретті мұрағаттау және байланыс жүйесі) компьютерлік желілерді, серверлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және сандық радиологиялық кескіндерді сақтауға, мұрағатқа сақтауға мүмкіндік береді. 

Жасанды интелектіні қолдану арқылы өкпе ауруын диагностикалау үшін PACS серверіне қосу жұмысы Алматыдағы бірқатар ауруханаларда жүзеге асырылды:

- И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы; 

- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты;

- Алматы қаласы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы;

- Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы;

- Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы; 

PACS және қызметтерді қосу жұмысы келесі мекемелерде жүргізілуде:

- Алматы қалалық Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы;

- Алматы қалалық онкология орталығы;

- № 12 қалалық клиникалық аурухана. 

PACS - қосылған барлық ауруханаға сандық медициналық кескіндерге қол жеткізу мүмкіндігін береді. Науқасты бір медициналық ұйымнан екіншісіне жіберген кезде плёнка немесе қағаз кескіндерін қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ауру динамикасын бақылау мүмкіндігі беріледі. 

Дәрігерлер жасанды интелектіні қосымша пікір ретінде қолданады. Бұл олардың жұмысын жеңілдетуге, аурудың нақты диагостикасын жасауға мүмкіндік береді. 

Биыл маусымда Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасымен және И. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірге «Алғашқы симптомның болжамдарын диагностикалау және жасанды интеллектіні ақпараттық технологияға енгізу негізіндегі COVID-19-дың ауыр өту қауіпінің предикторы» қызметін дамыту туралы келісімге қол қойылды. 

Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйемен бірге пилоттық режимде осы жобаға Орталық қалалық клиникалық аурухана қосылды. Қан маркерлеріне арналған бұл қызмет түрі - аурудың ауыр өту дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Сол арқылы ауруханалар терапия әдістерін, реанимацияға жатқызу қажеттілігін немесе керісінше босатуды жоспарлай алады.