Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58,4%-ға жетті. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні қалада коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58,4%-ға жетті. Әлі де вакцина мен ревакцинацияны жалғастыру керек. Адамдар вакциналанбаған кезде, мегаполисте мутацияланған штамдардың пайда болу қаупі артады», - дейді ол.
Айта кетейік, Алматыда Pfizer екпесін 26 164 адам, оның ішінде 1 458 жүкті әйел, 5 231 бала емізетін ана және 19 475 бала мен жасөспірім алды. 45 503 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.