02 қар, 2020 сағат 16:40

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есе артты деген ақпарат - жалған

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, БМСД-нің 30.10.2020 жылғы №2 мессенджерлерде жарияланып, таратылып жатқан «Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізу туралы» қаулысы жалған ақпарат екендігін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта, Алматы қаласында қыркүйек-қазан айларында КВИ жұқтырғандардың саны екі есеге, 165-360-қа дейін дейін өскені туралы жазылған. Сонымен қатар, эпидемиологиялық тергеу анықтағандай, адамдар ауруды қоғамдық орындарда, ұжымда және көпқабатты үйлердің кіреберісінен жұқтырған делінген.

Өз кезегінде Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

«Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті «бас мемлекеттік дәрігерінің соңғы №64 қаулысы «Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылдың 26 қазанында шығарылғандығын хабарлаймыз. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, БМСД-нің 30.10.2020 жылғы №2 мессенджерлерде жарияланып таратылып жатқан «Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізу туралы» қаулысы жалған ақпарат екендігін айтамыз», – делінген хабарламада.