28 мау, 2021 сағат 17:53

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны өсті


Алматыда коронавирус жұқтырған 692 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

27 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 215 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 186, симптомсыз – 29 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шығарылғандар –10 , келіп түскені – 51.

Инфекциялық стационарларда 692 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 59 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 21 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1196 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1010 науқас. 186 адамда коронавирус белгілері жоқ.