03 қыр, 2021 сағат 18:21

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды


Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабалайды ҚазАқпарат.

«Мегаполисте эпидемияның төртінші толқынының төмендеуі байқалады. 2 қыркүйекте жұқтыру 1 859-дан 1 264 дейін азайды. Алматы қаласы халқының 45 пайызында иммундық қабат қалыптасты. Қазіргі уақытта күн сайын коронавирусқа қарсы 3 мыңға жуық адам вакцина алады», - деді Жандарбек Бекшин. 

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының айтуынша, эпидемиологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша қалада вирусты көбіне 20-39 жас аралығындағы азаматтар жұқтырады. 

«Жастар арасында жұқтыру - 35%, 40-59 жастағылар - 24% және 60 жастан асқандар арасында 23%. Өткен аптада коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары анықталды. Ол – сауда орындары - 33%, отбасылық байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 17%, базарлар - 13%», - деді ол. 

Сонымен қатар, ол карантин талаптарын жеңілдету цифрлық технологияларды, яғни Ashyq қосымшасын қолдану арқылы мүмкін болғанын тілге тиек етті.