Алматыда карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлермен байланыста болған 316 адам оқшауланды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз жақын байланыста болған 316 адамды оқшауладық. Мұның Алматыдағы ең үлкен клиника екенін ескеру керек. Мұнда 1000-нан аса қызметкер бар. 316 адам оқшауланып, бақылауға алынды», - деді Айзат Молдақасымова брифинг барысында.
Бүгінде Алматы бойынша барлығы 27 дәрігердің вирус жұқтырғаны анықталды. Осы жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеу басталды.