Алматыда коронавирус жұқтырған 703 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
30 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 305 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 282, симптомсыз – 23 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 59 , келіп түскені – 104.
Инфекциялық стационарларда 703 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 53 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 54 адам жатыр. Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1507 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1294 науқас. 213 адамда коронавирус белгілері жоқ.
