17 там, 2021 сағат 16:53

Алматыда коронавирус жұқтырған 430 науқас жансақтау бөлімінде жатыр


Алматыда коронавирус жұқтырған 5 963 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

16 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 517 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 429, симптомсыз – 88 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 944, келіп түскені – 651. 

«Инфекциялық стационарларда 5 963 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 195 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 430 адам жатыр. Ал 65 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 173 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 180 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 221 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 685 науқас. 535 адамда коронавирус белгілері жоқ.