18 там, 2021 сағат 13:06

Алматыда коронавирус жұқтырған 188 бала ауруханада жатыр


Алматыда коронавирус жұқтырған 6 074 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

17 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 403 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1319, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар –603, келіп түскені – 771. 

«Инфекциялық стационарларда 6 074 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910), оның ішінде 188 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 434 адам жатыр. 

Ал 65 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 194 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 532 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 988 науқас. 543 адамда коронавирус белгілері жоқ.