Алматыда коронавирус жұқтырған 2 292 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
15 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 885 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 780, симптомсыз – 105 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 186, келіп түскені – 318.
«Инфекциялық стационарларда 2 292 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5 200 ), оның ішінде 181 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 132 адам жатыр. Ал 17 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Инвазивті емес ӨЖЖ – 39, High flow-да 61 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 326 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда -3958 науқас. 368 адамда коронавирус белгілері жоқ.
