31 там, 2021 сағат 14:43

Алматыда коронавирус жұқтырған 142 бала ауруханада жатыр


Алматыда коронавирус жұқтырған 5551 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 309 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1241, симптомсыз – 68 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 444 , келіп түскені – 378.

«Инфекциялық стационарларда 5 551 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 142 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 426 адам жатыр. 

Ал 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 197 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 201 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 157 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 759 науқас. 398 адамда коронавирус белгілері жоқ.