02 шіл, 2021 сағат 11:36

Алматыда коронавирус жұқтырған 10 науқас тыныс алу аппаратына қосылған


Алматыда коронавирус жұқтырған 771 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 353 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 312, симптомсыз – 41 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шығарылғандар – 46 , келіп түскені – 115.

Инфекциялық стационарларда 771 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 54 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 58 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 25 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1634 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1418 науқас. 216 адамда коронавирус белгілері жоқ.