28 шіл, 2021 сағат 19:38

Алматыда коронавирус вакцинасын алғандар саны 700 мыңға жуықтады


Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. 

Оның мәліметіне сенсек, өткен тәулікте 5 001 адам вакцина салдырған. 60 жастан жоғары вакцина алған адамның саны - 96 553. 

«Бізде Sinovac-қа үлкен сұраныс бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі келіссөз жүргізді. Жақын арада Sinovac вакцинасын жеткізу туралы ақпарат алдық», – деп қорытындылады сөзін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы. 

ҚДСБ басшысы Алматының барлық тұрғындарын тез арада КВИ-ге қарсы вакциналауға шақырды. 

Өйткені бұл - қауіпті аурудың тез таралуына төтеп берудің жалғыз жолы. 

Еске салсақ, Алматыда екпе пунктілерінің кең желісі ашылған және күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе жүргізуге мүмкіндік бар. 

1 ақпан мен 27 шілде аралығында Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алған.