03 қыр, 2021 сағат 17:44

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды


Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты. 

«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым», - деп жазды ол. 

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ықшамауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.