04 қыр, 2020 сағат 13:42

Алматыда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

Алматыда көпқабатты үйдің бір жақ қабырғасының сыртқы қаптамасы опырлып түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін түскі сағат 12:55-те Төтенше жағдайлар департаментіне Алатау ауданы «Зерделі» ықшамауданы, 1/36 мекенжайында қатты желдің салдарынан 5 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлағаны туралы хабарлама түсті. Үйдің батыс жағында 40 шаршы метр аумақта қаптамасы опырылып түскен. Зардап шекендер мен қаза тапқандар жоқ»,– деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үйдің жан-жағына қоршаулар қойылды.